Қазақстан суицидтан бірінші орынға шықты

2060
Adyrna.kz Telegram

Орталық Азиядағы суицидтер саны бойынша Қазақстан бірінші орынға шықты, деп хабарлайды  Орталық Азия жаңалықтар агенттігі.

Душанбеде аймақ елдеріндегі өз-өзіне қол жұмсауды 30-жылдық бақылау нәтижелері бойынша дәріс өткізілді. Іс-шара барысында «Орталық Азиядағы суицидтер: тәуекелдерді жүйелі зерттеу және қорғау факторлары» тақырыбында дәріс оқыды.

Баяндамада айтылғандай, әлемде жыл сайын шамамен 1,5 миллион адам өзіне-өзі қол жұмсайды. Өз-өзіне қол жұмсаудың 76 пайызы төмен және орташа табысы бар елдерде, ал олардың 60 пайызы Азия елдерінде орын алады.

Орталық Азия елдерінде адамдардың көбісі Қазақстанда өз-өзіне қол жұмсайды (48,1), Түркіменстан (15,8), Өзбекстан (13,6) және Қырғызстан (13,4). Тәжікстанда (7.2) бұл көрсеткіш басқа елдерге қарағанда төмен болса да, өсу үрдісі байқалады.

Шахназ Саванидің айтуынша, аймақтағы халық көбінесе ислам дінін қолданады. Исламда өз-өзіне қол жұмсауға тиым салынған. Бірақ та, бұл фактор да көмектеспей отыр.

 

Пікірлер