Тағы да адам іздеу. Кеме капитаны суға батты

1398
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында кеме капитаны суға батып кетті. Бұл туралы Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«8 мамыр күні сағат 23:25-те «102» нөміріне дағдарысты жою бөліміне Аққулы ауданы, Шабар ауылының маңында Ертісте кеме капитаны суға батып кетті деген хабар келіп түсті. 9 мамырда оқиға орнына төрт сүңгуір мен жаңғыртқышы бар су кемесі жіберілді», - деп хабарлады бейсенбі күні Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті.

Басқарма бір күндік жұмыс нәтижені өзгертпегенін айтты. Іздестіру жұмыстары су деңгейінің жоғары болуымен, желдің күшеюімен және ағыстармен қиындауда.

Кеме «Қазақстан су-жолдары» мемлекеттік кәсіпорнына тиесілі екені белгілі. Ер адам палубадан өзенге құлап, суға батып кеткен деген болжам бар. Төтенше жағдайлар департаменті ер адамның сол кезде кезекшілікте болған-болмағанын нақтыламады.

Сүңгуірлер іздестіру-құтқару жұмыстарын ертең қайта бастайды.

Еске салайық, биыл 4 қаңтарда 3 құтқарушы және 1 жүргізушісі бар автобус опырылған шұңқырға түсіп кеткен болатын. Оның тереңдігі – 200 метр, ені – 500 метр. Сол күні 2 құтқарушының денесі табылған. Алайда автобустағы 1 құтқарушы мен 1 жүргізушінің денесі әлі күнге дейін табылмады.

Пікірлер