Астанада LRT құрылысына байланысты көшелер жабылады

736
Adyrna.kz Telegram
Sputnik / Владислав Воднев
Sputnik / Владислав Воднев

Астанада LRT жүйесінің құрылысына байланысты тағы бірқатар жол жартылай жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"LRT салу жөніндегі жұмыс жоспарына сәйкес және Астана қаласы полиция департаментінің келісімі бойынша Сығанақ көшесіндегі жол қозғалысы уақытша өзгереді", — деп жазды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Көлік қозғалысы уақытша шектелетін көшелер:

22 мамырдан 20 маусымға дейін Қабанбай батыр даңғылынан бастап Қазақ радиосы көшесіне дейінгі учаскеде Мәңгілік Ел даңғылының бағытында оңтүстік жағы бойынша қозғалысқа ішінара шектеу енгізілетін болады. Қабанбай батыр даңғылына қарай кері бағыт ашық қалады.

24 мамырдан 20 маусымға дейін Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылының көлік айрығына дейінгі учаскеде жолақтарды тарылту есебінен қозғалысты ішінара шектеу болады.

"Елорда қонақтары мен тұрғындарынан жүріп — тұру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз және келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", - деді елорда әкімдігі.

City Transportation Systems компаниясы 21 наурыздан бастап Астанада LRT салу үшін көшелер жабыла бастағанын хабарлаған еді. Құрылыс жұмыстары магистральдардың жүріс бөлігіне іргелес учаскелерде жүргізіледі.

Бұл шешім Астана тұрғындарына ұнамағаны анық. “Пайдасы емес, зияны тиіп жатыр”, “тағы да кептеліс”, “қашан өзін ақтайды осы” деп жазды желі қолданушылары.

Пікірлер