Алматыда Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына орай еске алу шарасы өтті

762
Adyrna.kz Telegram

Биыл 25 мамырда Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толды. Аталмыш датаға орай Алматыда еске алу шарасы өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Іс-шара Алматы қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов тұрған және еңбек жолын өткізген үйдің алдындағы ескерткіш тақта маңында өтті.

Еске алу шарасында белгілі әскери қайраткерлер, шенді әскерилер төбе көрсетті. Олардың қатарында Сәкен Жасұзақов, Махмұт Телеғұсов, Сабит Тауланов болды.

Сағадат Нұрмағамбетовтың шәкірттері және сол кісінің ізін басқан әскери мамандар сөз сөйлеп, ерлік істерін еске алды.

Сағадат Қожахметұлы Нұрмағанбетов – әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы.

 

 

Пікірлер