27 жыл бойы жалған атпен жасырынған. Бельгиядан қазақстандық қылмыскер елге жеткізілді

1943
Adyrna.kz Telegram

Адам өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандық жалған атпен Бельгияда 27 жыл бойы жасырынып келген. Ол елге жеткізілді. Бұл туралы бүгін Алматы криминалдық полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, 63 жастағы қазақстандық 1997 жылы маусымда Ресейдің Новосибирск қаласында отандасымызды ұрлап, өлтіру ісіне қатысқан. Кезінде оны босату үшін туыстарынан 100 мың доллар өтемақы талап еткен. Ол бұл ауыр қылмысты алдын ала сөз байласу арқылы жасағаны белгілі болды.

«Тергеу барысында қылмысқа қатысушылар ұсталып, оларға түрлі жаза тағайындалды. Сот органдарынан қашып кеткен қылмыскерлердің біріне қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы, сондай-ақ мемлекетаралық және халықаралық іздеу жарияланды. Іздеудегі азамат жалған деректермен Бельгияда жасырынып жүргені белгілі болды. Алматы қалалық прокуратурасының үйлестіруімен және Интерполдың көмегімен күдікті ұсталып, Алматы қаласына жеткізілді», - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер