Арыстықтар: Бізді билік тастап кетті

2729
Adyrna.kz Telegram
Арыстықтар қалпына келтіру жұмыстарының дұрыс жүргізілмегенін айтып ашынды, деп хабарлайды "adyrna.kz"  ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Асқар Маминнің бұйрығы бойынша Арыстағы үйлер 1 тамызға дейін жөндеуден өтуі керек болатын. Алайда, тұрғындардың қайта қалпына келтіру жұмыстарына көңілдері толмай отыр. Олардың айтуынша қаражат бәріне жеткен жоқ. Жеткен күннің өзінде үйді толық жөндеуге тым аз дейді.

"Ешқандай мүмкіндік жоқ. Маған "Күткілеріңіз келмесе, өздеріңіз адам жалдаңыздар" деп айтты. Құрлысшылар маған 200 мың теңге деп есептеп берді. Штабқа барғанымда тек 80 мың бере алатындарын айтты. Ал қалған ақшаны қайдан аламын. Біз жәрдемақыға ғана өмір сүріп жүрміз", - дейді қала тұрғыны Динара Тәшімбетова.

Сонымен қатар, қаладағы халықтың басым көпшілігі тұрғын үйлерін өз қаражаттарына жөндеп жатыр. Ал жағдай келмейтін отбасылардың баспаналары өзгеріссіз қираған күйі тұр.

"Тіпті сыртқы есік пен терезе қоятын шамамыз жоқ. Мұндай жағдайда өмір сүрудің өзі қорқынышты. Бізді билік тастап кетті. Біреулердің үйлерін қалпына келтіріп жатқанын көресің. Алайда, мұның бәрі өз қаражатына жасалып жатыр екен", - дейді Алена Простина.

Тіпті жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатса да, көптеген олқылықтар байқалып, қалай болса, солай жасалған құрлыс адамдардың көңілін көншітпейді. Олар балаларының қауіпсіздігіне алаңдап, істі өз қолдарына алған.

"Үш рет комиссия келді. Тек сылаймыз деген болатын. Қабырғаларға қараңыздаршы жарық өтіп тұр. Менің алты балам бар, ертең оларға бірнәрсе болса кім жауап береді. Маған мұндай жөндеу жұмыстары керек емес", - дейді Нұрлан Есімов.

Ал штабтағылар бұл мәселені өздерінше түсіндерді. Олардың айтуынша қаражат қана емес, құрлыс материалдары мен мамандар да өте тапшы екен.

"Қаржыландыру әрине қиын мәселе. Екінші рет қаржы түссе, жұмыс алдыға басады. Мамандардың жетіспеуінен, жұмыс сатылы түрде жүретін болғандықтан кідірістер болып жатыр. Сонымен қатар, құрлыс материалдары да жеткіліксіз", - дейді Нұр-Сұлтан штабының өкілі Аружан Бұғыбаева.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер