Кахабер Цхададзе: Біз қайдағы бір таксистерге ұтылған жоқпыз

3078
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Еуропа лигасының екінші кезеңінде Шымкенттің "Ордабасы" командасы өз алаңында Чехияның "Млада Болеслав" командасына 2-3 есебімен жеңіліп қалды.

Бұл матчты Шымкент қаласындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда 20 мыңға жуық жанкүйер тамашалады.

"Бізді қолдап келген жанкүйерлерге үлкен рақмет. Оларды өз жеңсімізбен қуантқымыз келіп еді. Ойыншылар да, жанкүйерлер де ұялатындай ойын болған жоқ. Ордабасы бірінші және екінші ойында да Еуропаға өзін жақсы жағынан көрсете білді. Ойын басында жылдам гол жіберіп алғанымыз психологиялық тұрғыда қиын болды. Сырт алаңдағы 1-1 есебі ойыншыларға психологиялық тұрғыда қиындық туғызды. Сырттағы 1 голды есептеп, ойыншылар гол салдырмасақ болды деген оймен ойнады. Сол ой бізді жазалады. Олай ойлап ойнауға болмайды. Біз қайдағы бір таксистерге ұтылған жоқпыз. Деңгейі жоғары біріншілікте ойнайтын кәсіби командаға ұтылдық. Соған қарамастан мен ойыншыларыма алғыс айтамын. Біз биыл ҚПЛ-де жоғарғы орындарға таласа алатын жақсы команда құра білдік"- деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер