"Транс-спортшы". Алтын алған Иман Хелиф шындығын айтты

2564
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Париждегі Олимпиадада жынысына қатысты дауға ұшыраған спортшы бар шындықты жайып салды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Reuters-ке сілтеп.

Гендерлік жанжалға ұшыраған алжирлік боксшы Иман Хелиф әрдайым әйел болғанын және әйел болып қала беретінін айтты. Оның сөзінше, спортшының аяғынан шалғандар көп болған.

«Бұл алтын медаль — маған қарсы жүргізілген науқанға ең жақсы жауап болды. Мен де кез келген әйел сияқты әйелмін. Әйел болып туылдым және әйел ретінде өмір сүрдім, бірақ күндес дұшпандарым бар», — деді Хелиф.

25 жастағы Хелиф Олимпиада финалында қытайлық Ян Люді жеңіп, чемпион атанды.

«Бұл менің арманым еді. Сегіз жыл ұйқысыз өтті, сегіз жылым шаршаумен өтті. Енді міне Олимпиада чемпионымын. Өте қуаныштымын. Мені қолдауға келген барлық адамдарға, бүкіл Алжирге, Парижге алғыс айтқым келеді», — деді Хелиф.

Айта кетейік, БАҚ беттерінде Иман Хелифтің жынысына қатысты түрлі ақпараттар тарап кеткен болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер