Қарағандыда не болып жатыр? (видео)

7365
Adyrna.kz Telegram

Кеше Қарағанды облысындағы Жәйрем кентінде жаңадан салынып жатқан поллиметалл зауытында төбелес болып, бірнеше шет елдік жұмысшы соққыға жығылған болатын. Ашулы жергілікті жігіттер ұрып-соғып қана қоймай, өздерімен бірге 6 түрік азаматын алып кеткен. "Зауыт құрылысын салып жатқан фирма басшылығына айырбастау» үшін.

Төбелес жергілікті қыздың жалаңаш суретінің әлеуметтік желіге шығуынан басталған дейді. Егде жастағы түрік жұмысшысы екен ол суретті жариялаған. жасы егде тартып қалған түрік жұмысшының  жергілікті қыздың жалаңаш суретін әлеуметтік желіде жариялауынан шыққан. Намыстанған жігіттер кен орнының шлагбаумын бұзып кіріп, көптеген шетелдікті соққыға жыққан.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=hlr6UvZSnMA

Қарағандылық журналист Айсұлтан Жақыповтың айтуынша Жәйрем кентіне облыс әкімі Ерлан Қошанов жедел баруының арқасында оқиға тынышталды.  "Облыс басшысы жастардың талабын тыңдап, барлық талаптардың орындалуына күш салатынын айтқан. Жігіттердің талабы – видео жүктеген шетелдік жұрт алдында кешірім сұрасын және Жәйремнен түрік фирмасы кетсін".

Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызхметіне хабарласқанымызда жағдай тұрақталғанын айтты. "12 тамызда Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларының қатысуымен шиеленіс орын алды. Бірнеше шетел жұмысшы азаматтары жеңіл түрде жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Жағдайды реттеу үшін оқиға орнына облыс әкімі Ерлан Қошанов барды. Жәйрем кентінде аймақ басшысы кент тұрғындарымен және Жәйрем кен-байыту комбинатының жұмысшыларымен кездесті. Өткізілген кездесудің нәтижесі бойынша жағдай реттелді.
Кенттегі жағдай тұрақты және облыс әкімінің ерекше бақылауында".

Қыздың жалаңаш суретін желіге жүктеген өзге ұлт өкілі әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кешірім сұрады.

 

[video width="220" height="400" mp4="https://adyrna.kz/content/uploads/2019/08/zhajrem.mp4"][/video]

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер