АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында спортзал маңында атыс болып, екі адам қаза тапты. Құрбандардың бірі – шабуыл жасаған күдікті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Kazinform-ға сілтеп.
Оқиға 17 мамырда болған. Кемінде үш адам жарақат алды. Полиция өкілдері жараланған азаматты спортзал кіреберісінен тапқан.
Лас-Вегас полициясы капитаны Эсмеральда Боведаның мәлімдеуінше, күдікті оқиға орнынан қашпақ болған, бірақ тәртіп сақшылары оны ескерту оғы арқылы тоқтатқан. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.