Жәйремдегі төбелес. Жеті адам қамалды

3377
Adyrna.kz Telegram
Қарағанды облысындағы Жәйрем тау-кен комбинатында болған жанжалдан кейін жеті адам ұсталып, тергеу изоляторына қамалды деп хабарлайды Қарағанды облысы полиция департаменті хабарлады.

 Ұсталғандар 22-33 жаста. Олар «бұзақылық және бөтеннің мүлкін ұрлау» бабы бойынша күдікке ілінді.

12 тамызда Жәйремдегі тау-кен комбинатында жанжал болып, шетелдік бірнеше жұмысшы жарақаттанған болатын.   Әлеуметтік желіде жергілікті қыздың жалаңаш суреті шығып, оның арты жергілікті тұрғындар мен шеттен келген жұмысшылардың арасындағы қақтығысқа ұласқан. Қарағанды облысының әкімі Қошанов оқиға орнына жедел баруының нәтижесінде төбелес тоқтаған еді. Полиция оқиғаны «тұрмыстық жанжал» деп атады.

Жергілікті халық сырттан келген жұмысшылардың Жәйремде жұмыс істеуіне қарсылық білдіріп, суретті интернетке салғандар кешірім сұрасын деген талап қойды.

Артынан суретті таратқан түрік жұмысшысы желі арқылы кешірім сұраған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер