Олжас ƏБІЛ: Шет елдіктер де Назарбаевқа өкпелі

3609
Adyrna.kz Telegram

Өткенде досым Ресейдегі Алтай республикасына барып келді. Сөйтсе, ол жақтағы алтай қыздары біздің Төреғали мен Қайрат Нұртасты тыңдайды екен. Бұлардың Қазақстаннан екенін көріп білгесін "о, төреғали, қайрат нұртас!" депті.
Интернеттегі қазақ клиптерінің көрілімін арттырып, өліп тұрып көретін осы айналамыздағы түркі халықтары екенін олардың сол видеоның астына жазатын комменттерінен де көріп жүрміз. Менің байқағаным, басқа қырғыз, өзбек, ресейлік түркі халықтары да біздің өнерді жақын тұтып, қатты тартылады екен.
Енді кеше ютубтен бір ноғай жігітінің "қазағым, біздің үмітімізді үзбеңіздер" деген жолдауын көрдім. Бұл жігіт "отыз жыл барша түркі халықтарының үміті қазақта болып еді, өкінішке орай олар үмітті ақтамады, бірақ әлі де үмітімді үзбеймін" депті. Бұл Беклербек деген аккаунт иесі екен, өзін тарихшы жігіт ау деп шамаладым.
"Арамыздағы ең ірі және әлеуетті халық ретінде қазақ халқы өзі ұйытқы болып бәрімізді бастап шығып, яғни көшпелі жұрттың басын біріктіріп, еңсемізді тіктеуге үлкен септігін тигізеді" деген бұл байғұс бауырларымыздың мақсаты, ішкі арманы болса керек. Оны біз ақтамаппыз, біздің шалға бұл да өкпелі сияқты, өзі қарадай налып отыр.
Расында, көптеген түркі жұрты бізді, қазақтарды, бабалар аманатын арқалаған халық деп санап, бізден үлкен үміт күтеді, ондайды мен бірінші рет естіп тұрған жоқпын.
Бұл ноғай жігіт өзге роликтеріндегі сөздерінде бүгінгі Қазақ Елін, бұрыңғы тарихи көшпенділер империясының нақты мұрагері ретінде танып, біздің сырттай тілеуімізді тілеп отырады екен, онысына рахмет.

 

                                                                                                                                              Олжас ƏБІЛ

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер