Қарағандыдағы шахтада екі жұмысшы қаза тапты

1309
Adyrna.kz Telegram
Сурет: aa.com.tr
Сурет: aa.com.tr

«Қазақмыс» компаниясының Балқаш қаласы маңындағы «Саяқ-3» шахтасында қайғылы оқиға болып, екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Компанияның мәліметінше, 6 қазан күні шахтада көміртегі газы бөлінген.

«Барлық жұмысшы жедел түрде эвакуацияланды. Зардап шеккендер жақын жердегі медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі жұмысшы қаза болды»,—делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Қайғылы жағдайды тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

«Қазақмыс» басшылығы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтып, марқұмдардың отбасыларына қажет барлық көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

Еске салайық, 2023 жылдың 27 қарашасында Жамбыл облысындағы «Жайсан» кенішінде жазатайым оқиға  болып, салдарынан екі адам қаза тапқан еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер