Зеленский отандастарынан неге қашты?

4010
Adyrna.kz Telegram

Зеленский Польшаға визитпен келді. Дайындық барысында ол Польшадағы украиндық диаспора өкілдерімен кездесуден бас тартқан. Бұған қатты ренжіген 21 елдің 38 қоғамдық ұйымы Зеленскийге ашық хат жолдап жатыр.

Оның себебі де кісі күлерліктей - шетелдік диаспоралардың көпшілігі Порошенконы қолдап дауыс берген, сондықтан да олар президентке ыңғайсыз сұрақтар қойып мазаламас үшін деп жауап беріпті визитті дайындаушылар.

Сонда қалай болғаны - дейді украиндық сарапшылар - оның ойынша ол тек өзін жақтағандар үшін ғана президент болғаны ма?

Ертең Тоқаев Қытайға барғанда қазақ диаспорасымен кездеспей кетсе, қаншама қазақтың соңғы үмітін үзіп кеткен болар еді, ал олар болса қазақ мемлекеті түбі бізді бір қорғайды, өздері қазақ бола тұра бізді мүлдем сатып кетуі мүмкін емес деп отырғаны анық.

 

Қуаныш ЕДІЛХАНТЕГІ
"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер