Елімізде тағы екі байланыс операторлары бағаны қымбаттатады

1434
Adyrna.kz Telegram
Фото: exclusive.kz
Фото: exclusive.kz

Келесі айдан бастап кейбір абоненттерде тариф бағасы қымбаттамақ, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеп.

Kcell және Activ абоненттеріне тарифтер бойынша абоненттік төлем өсетіні туралы хабарламалар келген.  Ал бұл өсімге операторлар:

"Бағалардың орташа өсімі тарифтің қазіргі шарттарына байланысты 6-дан 25 пайызға дейін (орта есеппен 400 теңге) болады", – деп жауап берді.

Kcell және Activ тарифтік саясаты нарықтық жағдайларға байланысты қалыптасатыны да айтылды.

"Біздің өзіндік құнымыз жыл сайын өсіп келеді. Мысалы, электр энергиясының қымбаттауы тариф құнына тікелей әсер етеді. Салыстырмалы түрде айтсақ, бір базалық станция 20 орташа пәтер тұтынатын электр энергиясын пайдаланады. Сонымен қатар, валюта бағамының ауытқуы да қызмет құнына әсер етеді, себебі желіні жаңғырту және қолдау үшін қажетті жабдық шетелден сатып алынады", – деп түсіндірді компания.

Айта кетейік, қазақстандықтар 4 тамыз күні Tele2 мен Altel операторларындағы интернет мәселесіне шағымданған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер