Ақтауда тағы бір компанияның жұмысшылары ереуілге шықты

1795
Adyrna.kz Telegram
Фото: daryo.uz
Фото: daryo.uz

Ақтауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «Oil Construction» компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

50-ден астам жұмысшы қала көшелеріне шығып, 11-12-шағын аудандар арасындағы көлік қозғалысын тоқтатуға тырысқан. Бейне әлеуметтік желіде тарады.

Маңғыстау облысының полицейлері ереуілшілер жолды бөгемегенін хабарлаған. Ведомство қоғамдық тәртіпті қауіпсіздік күштері қамтамасыз еткенін де атап өтті.

Ал қалалық әкімдік жағдай барысына тоқталудан бас тартты.

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ баспасөз қызметі:

«55 адамды бірден штатқа ауыстыру «Oil Construction Company» ЖШС-де бос жұмыс орындарының болмауына байланысты мүмкін емес. Қызметкерлерді ауыстыру бос жұмыс орындары болған жағдайда кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ осы мәселе бойынша 2024 жылдың желтоқсан айында Samruk Bussines Academy аутстаффинг қызметкерлерімен кездесу жоспарланған. Біз өз кезегінде қызметкерлерді Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын сақтауға және туындаған мәселелерді сындарлы диалог арқылы шешуге шақырамыз», - деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы Жаңаөзенде "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы"(БЖБ) компаниясының жұмысшылары ереуілге шыққан болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер