Ақтаулық жаттықтырушы қыздың өлімі. Басты күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылды

1457
Adyrna.kz Telegram
Фото: "Не молчи" қоғамдық қоры
Фото: "Не молчи" қоғамдық қоры

Ақтауда қызды көлікке күштеп отырғызып, зорлап, есірткі қолдануға мәжбүрлеген бір топ ер адамға қатысты сот үкімді өзгертті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін, 29 жастағы фитнес-жаттықтырушы Алина Серікова қорқытудан кейін өз-өзіне қол жұмсаған еді.  Бір топ жігіт спортшы қызды көшеде ұрлап әкетіп, ұзақ уақыт қинаған. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен бес айыпталушы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған.  Бірақ Серікованың отбасы үкімді әділ деп санамаған. 

Осылайша, 30 қаңтарда Алинаның зорлау ісі бойынша сотқа апелляциялық шағым түсіру үшін ондаған адам жиналды. Оның інісі басты айыпталушыны өмір бойына бас бостандығынан айыруды талап етті. 

Басты күдікті Нұргелді Сейітқалиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылар Еркебұлан Аманқос – 16 жыл, Аралбай Мерей – 13 жыл, Дархан Құлбас – 13 жыл, Қуаныш Үсенғали – 13 жылға сотталды. Сондай-ақ жәбірленушінің отбасына 30 миллион теңге өтемақы төленеді. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер