Қалааралық ұшатын автокөлік пайда болмақ

1362
Adyrna.kz Telegram
Фото: auto.ru
Фото: auto.ru

Көлік министрлігі қала арасында жолаушы тасымалдайтын аэромобильдерді іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Министрдің айтуынша, былтыр министрлік өкілдері Оңтүстік Кореяда жолаушыларды Алматы әуежайынан Алатау қаласына дейін аэромобильмен тасымалдау мәселесін талқылаған.

«Аэромобиль – бұл өзіндік шағын тікұшақ, сутек негізінде жұмыс істейді, бес адамға дейін сыяды. Бұл технологияны қазір Оңтүстік Корея және Америка компаниялары өте жақсы дамытып жатыр. Қазақстандық компаниялардың бірі елімізде аэромобиль саласын дамытуға қызығушылық танытты. Біз осы мәселені тереңірек зерттеп жатырмыз. Қазір аэромобильді елімізде пилоттық жоба ретінде қолдану мәселесін пысықтап жатырмыз», - деді Қарабаев Үкімет отырысында.

Министр бірінші кезең аэромобиль Алматыдан Алатау қаласына дейін жолаушы тасымалдайтынын айтты. Пилоттық жоба 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында іске қосылмақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер