Швециядағы атыс. Оқу орталығында 10 адам қаза тапты

1053
Adyrna.kz Telegram

Стокгольмнен 200 шақырым қашықтықта орналасқан Эребру қаласындағы ересектерге арналған оқу орталығында болған атыстан шамамен 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы BBC-ге сілтеме жасап.

Бұл орталық балалар мектебінің қасында орналасқан.

Жергілікті басылымдарда бірнеше адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат бұрын да тараған, алайда ресми мәліметтерде тек алты адамның жарақат алғаны айтылған. Полиция құрбандар туралы түсініктеме бермеген еді.

Кейін қала полициясының басшысы Роберто Эйд Форест бұл оқиғадан шамамен 10 адамның қаза тапқанын растады. Олардың арасында шабуыл жасаған адам да болуы мүмкін.

Әзірге теракт белгісі анықталмаған.

"Біз бұл қылмысты жалғыз адам жасады деп ойлаймыз. Оқиға кісі өлтіруге оқталу, өрт қою және қарулы шабуыл ретінде қарастырылуда," – делінген полиция мәлімдемесінде.

Куәгерлер мен бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мектеп маңында он шақты оқ атылған. Бұл емтиханнан кейінгі уақытқа сәйкес келген. Бұл уақытта көптеген оқушылар үйлеріне тараған. Ал мектепте қалғандарға сыныптарда жасырынуға тура келген.

Эребрудағы муниципалды білім беру орталығы жиырмадан асқан адамдарды оқытумен айналысқан. Мұнда шетелдіктерге арналған интеграциялық бағдарламалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған курстар ұсынылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер