Болат Назарбаев иелік еткен машина зауытының мүлкі мемлекетке қайтарылды

1398
Adyrna.kz Telegram

Марқұм Болат Назарбаевқа тиесілі болған Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкі өз меншігіне қайтарылды. Бұл туралы Бас прокуратура мәлімдеді,  деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, олар – 97 гектар жер мен жалпы аумағы 80 мың шаршы метрді құрайтын 94 ғимарат.

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы зауыт мүлкі заңсыз сатылғанын анықтаған. Содан кейін Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы шағым тастаған.

Мәлімет боынша, сот талапкердің талабын қанағаттандырды, апелляциялық соты шешімді күшінде қалдырған.

Айта кетсек, Болат Назарбаев зауыттың 31,9%-ы акциясын 2023 жылдың наурызында мемлекетке қайтарған еді. Бұл зауыт акцияларын экс-президенттің туған бауыры  заңсыз иемденілген актив ретінде қайтарды.

Сонымен қатар Қарасай аудандық соты «Барыс» базары орналасқан жерді сату келісімшарттарын жарамсыз деп тапты. Прокурор жалпы көлемі 35 гектардан асатын жер телімдерін сату келісім-шарттарын жарамсыз деп тануды талап еткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер