Метан жарылысы. "Жомарт" кенішіндегі апаттың себебі анықталды

1030
Adyrna.kz Telegram
ашық дереккөзден
ашық дереккөзден

Үкіметтік комиссия "Қазақмыс" корпорациясына қарасты "Жомарт" кенішінде орын алған жеті адамның өмірін қиған апаттың алдын ала тергеу қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

“Комиссия тау-кен қазбасынан метанның жиналуы мен бөлінуі, содан кейін электр жабдықтарының ұшқынынан жарылыс болуы сияқты апаттың негізгі себебін анықтады. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша айтарлықтай ереже бұзушылықтар анықталып, жауапты тұлғалар тобы белгілі болды” - деп жазылған ресми хабарламада.

Тергеуге 8 арнайы подкомиссия құрылып, ғылыми-зерттеу институттары мен зертханалардың мамандары тартылған. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі апаттың себептері бойынша есептерін ұсынған.  Тергеу барысында куәгерлерден жауап алынып, өндірістік технологиялар зерттелді, техникалық құрылғылардың жұмысқа қабілеттілігі тексеріліп, тиісті сараптамалар жүргізілген.

Қазіргі уақытта "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі кеніште жұмыстар уақытша тоқтатылған.

"Тергеу жалғасуда және үкіметтің бақылауында", – делінген ресми хабарламада.

17 ақпанда Ұлытау облысындағы "Жомарт" кенішінде апат болып, 7 жұмысшы үйінді астында қалып қойған еді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер