Түркия Нигердегі лаңкестік шабуылға байланысты көңіл айтты

1324
Adyrna.kz Telegram
Фото: uk.news.yahoo.com
Фото: uk.news.yahoo.com

Түркияның сыртқы істер министрлігі 21 наурыз күні Фонбита ауылында болған лаңкестік шабуылға байланысты Нигер билігі мен халқына көңіл айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттыққ порталы.

«21 наурыз күні Нигердің Тиллаберри аймағында орналасқан Фонбита ауылында болған лаңкестік шабуылдан 40-тан астам адамның қаза тапқанын және көптеген адамның жараланғанын үлкен күйзеліспен қабылдадық», – делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.

Анкара бұл шабуылды қатаң айыптады.

«Біз бұл жантүршігерлік лаңкестік әрекетті айыптаймыз. Нигер халқына көңіл айтамыз, қаза тапқандарға Алланың рақымын, жараланғандарға тез сауығып кетуін тілейміз», – деп атап өтті Түркияның сыртқы саяси ведомствосы.

Нигер ішкі істер министрі Мұхамед Тумбаның мәліметінше,  Фонбита ауылындағы мешіт шабуылға ұшыраған. Салдарынан 44 адам қаза тауып, 13 адам жарақат алған. Олардың төртеуінің жағдайы ауыр.

Шабуылға ДАИШ лаңкестік ұйымымен байланысы бар содырлар жауапты деп танылды.

Нигер билігі елде үш күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады. Соңғы жылдары Нигер, Мали және Буркина-Фасо сияқты Сахел аймағындағы елдер ДАИШ пен «Аль-Каида» лаңкестік топтарымен байланысты радикалды ұйымдардың шабуылына жиі ұшырап келеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер