Жамбыл облысы Талас ауданы, Есей би ауылында 2-3 мамыр күндері «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Мерекелік бағдарлама аясында:
• Ғылыми-практикалық конференция;
• Қолөнершілер мен флористер көрмесі;
• Ұлттық спорттық ойындар;
• 100 қолөнерші бірігіп, 200 м² алып киіз басу (Әлемдік рекорд!);
• Қазақтың көне дәстүрі – «Қымызмұрындық» рәсімі;
• Дәмі тіл үйірер тағамдар ұсынылатын арнайы фудкорт алаңы ұйымдастырылады.
Бұл – табиғатпен үндесетін, тарих пен өнер тоғысатын ұмытылмас жоба! Ұйымдастырушылар Жамбыл өңірінің бай мәдениетін көрініс табатын халықаралық фестивальді тамашалауға шақырады!