Алматыда жол ережесін өрескел бұзған мектеп бітірушілер жазаланды

906
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысында мектеп түлектері отырған автокортеж жол ережесін өрескел бұзды. Бұл оқиға Үлкен Алматы айналма автомобиль жолында болған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада көліктердің жолды жауып, оңды-солды жүріп, қозғалысқа кедергі келтіргені анық көрінеді.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, заң бұзған кортеждің барлық қатысушысы анықталып, ұсталған.

“Көліктер арнайы автотұраққа қойылды. Кәмелетке толмаған жолаушылардың ата-аналары да өз міндеттерін тиісті түрде орындамағаны үшін жауапқа тартылады. Полиция азаматтарды жол ережелерін сақтауға және балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеуге шақырады”, — деп хабарлады департаменттен.

Құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты 17 заң бұзу дерегі бойынша материалдарды сотқа жолдаған. Олардың қатарында қауіпсіздік белдігін тақпау, қозғалыс ережелерін өрескел бұзу және апатты жағдай туғызу деректері бар.

Полиция департаменті мектеп бітіру шараларын өткізу кезінде жол қауіпсіздігін сақтаудың маңыздылығын еске салып, ата-аналар мен жүргізушілерді жауапкершілік танытуға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер