Ұлытауда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті

1142
Adyrna.kz Telegram

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай Ұлытау облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтті.

Тазалық іс-шарасында бүгін өңірді көгалдандыруға басымдық беріліп, «Бүкілқазақстандық ағаш егу күні» деп аталып өтті.

Жалпы облыс аумағында 6400 түп ағаш көшеті отырғызылды. Бұл бастама өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, табиғатты қорғауға және жасыл желектер санын арттыруға бағытталды. Оның ішінде облысымыздың құқық қорғау, арнаулы және сот органдары қызметкерлері арнайы мың түп ағаш отырғызды. Осылайша, Жезқазған қаласының «Наурыз» саябағында жаңа аллея пайда болды.

Игі бастамаға Ұлытау облысындағы барлық діни бірлестіктің басшылары да белсенді қатысып, бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.

Сондай-ақ барлық елді мекенде кең көлемді тазалық жұмыстары да ұйымдастырылды.

Акцияға облыс бойынша 3335 адам және 1085 ұжым белсенді қатысып, 58 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 520 тонна тұрмыстық және өндірістік қалдықтар шығарылып, өңірдің санитарлық жағдайы айтарлықтай жақсарды.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар аталмыш акцияның қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруда, сондай-ақ ұрпақ тәрбиесінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер