Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

901
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы әрі Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Соңғы жаңалықтармен бөліскім келеді. Мен Ұлттық сурдлимпиада комитетінің Президенті болып сайландым. Бүгін кезектен тыс Конференцияда Президент ретінде Комитеттің жаңа басшылық құрамын таныстырып, алдағы жоспарларымды баяндадым. Туризм және спорт министрлігіне, сондай-ақ бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық ардагерлер мен спорт қайраткерлеріне қолдау көрсеткендері үшін алғысымды білдіремін! Сурдлимпиадашылар, алға!" – деп жазды Сәпиев.

Бұған дейін Серік Сәпиев Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалғаны хабарланған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер