Алматы облысында жер сілкінді

1107
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

Алматы облысы Кеген ауданы аумағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" хабарлады.

Жер сілкінісінің магнитудасы — 3.7, ал эпицентрдегі есептік қарқындылығы — 3.5 балл болды. Дүмпу ошағы Кеген ауданы, Каркара ауылынан 10 шақырым қашықтықта, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 201 шақырым жерде орналасқан.

Көрші Қырғызстанның Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Сейсмология институтының дерегінше, зілзаланың эпицентрі Қырғызстан шекарасына жақын, Қарқыра ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде тіркелген.

"Эпицентрде сезілу байқалмады", – делінген қазақстандық сейсмологтардың ресми мәлімдемесінде.

Қазіргі таңда зардап шеккендер мен шығындар туралы ақпарат жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер