Тәжікстан әлеуметтік желідегі лүпіл үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастады

1007
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон әлеуметтік желілердегі лайк пен басқа да белгілер үшін қылмыстық жауапкершілікті алып тастайтын заңға қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ферғана агенттігіне сілтеп.

Заң «Тәжікстан Республикасының Қылмыстық кодексіне толықтырулар енгізу туралы» деп аталады. Құжаттың толық мәтіні ресми баспасөз беттерінде жарияланатын болады.

Бұл шешімге дейін, 2023 жылдың қазан айында, мемлекет басшысы ішкі істер министрлігіне азаматтарды лайк басқаны үшін қудалауды тоқтатуды тапсырған еді. Ол мұндай айыптауларды негізсіз деп атап, құқық қорғау органдарының мұндай әрекеттеріне тоқтау салу қажеттігін айтқан болатын.

2025 жылдың сәуірінде бұл бастаманы Тәжікстан бас прокуратурасы көтеріп, заң жобасы парламенттің төменгі палатасында мақұлданды. Нақтылай кетсек, Қылмыстық кодекстегі 179(3)-бап (террористік әрекеттерге шақыру) және 307(1)-бап (экстремистік әрекетке шақыру) сияқты баптарға "лайк немесе басқа белгі басуды қоспағанда" деген толықтырулар енгізілді. Аталған баптар бойынша бұрынғы жазалар 15 және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын.

Бас прокуратураның бірінші орынбасары Умед Каримзода сотталғандар бойынша статистиканы келтірді. Нақтырақ, 2025 жылдың сәуір айына дейін интернеттегі бейнероликтерге лүпіл басқаны немесе экстремистік сипаттағы пікір жазғаны үшін 1507 азамат түрмеде отырған.

Бұған дейін де Тәжікстанда мұндай істер тіркелген. 2018 жылы Вахш ауданының тұрғыны Алиджон Шарипов оппозициялық партияның бейнематериалына лүпіл басқаны үшін 9,5 жылға сотталған. 2019 жылы Пенджикент қаласының бұрынғы имамы әлеуметтік желіде ұнату белгісін басқаны үшін 1 жыл 4 ай түрмеге қамалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Пікірлер