АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық келісімге келу мүмкіндігі жақын қалғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Парсы шығанағы елдеріне сапары барысында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Біз Иранмен ұзақ мерзімді бейбітшілік туралы байсалды келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Күш қолданбай, мәмілеге келуге жақынбыз. Алда екі жол бар: бірі бейбіт келісім, екіншісі – зорлық-зомбылық. Бірақ мен екінші жолды қаламаймын", – деді Трамп.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, келіссөздерге жақын дереккөздер тараптар арасында бірқатар келіспеушіліктердің әлі де бар екенін хабарлаған. Жексенбі күні Оманда өткен келіссөздердің соңғы кезеңі аяқталды. Алдағы уақытта тағы да кездесулер жоспарланып отыр.
Иран тарапы уранды байытуды жалғастыру құқығын сақтап қалуға ниетті. Тегеран бұл процестен бас тартпайтынын мәлімдегенімен, байыту деңгейін төмендетуге дайын екенін білдірді.
Иран президенті Масуд Пезешкиан Трамптың мәлімдемесіне жауап беріп, аймақтағы тұрақсыздық үшін АҚШ-ты айыптады.
"Трамп санкциялармен қорқытады да, артынша адам құқықтарын сөз етеді. Аймақтағы барлық қылмыстар мен тұрақсыздықтың себебі – АҚШ", – деді президент Трамп.
Сонымен қатар, Иранның жоғарғы көшбасшысының бас кеңесшісі Әли Шамхани Иранның санкциялар алынған жағдайда келісімге келуге дайын екенін атап өтті.