Мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі үш жылға бас бостандығынан айырылды

898
Adyrna.kz Telegram

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мәдениет және спорт саласының бұрынғы вице-министрі Ерлан Қожағапановқа үкім шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұрынғы шенеунік үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Қожағапановқа өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды.

Вице-министр былтырғы 1 наурыздан бастап қамауда отырған. Үкім заңды күшіне енгенге дейінгі қамауда өткізген уақыты жаза мерзіміне бір күн – бір жарым күн есебімен қосылады. Ол жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Екінші айыпталушы – Success K компаниясының басшысы Ләззат Көккозова алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны туралы былтыр наурызда белгілі болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет оның ауыр коррупциялық қылмыс жасағанынын хабарлаған еді.

Кейін Антикор шенеуніктің ұсталуына қатысты кейбір мәліметтерді жариялады.

«Ол коммерциялық ұйымның мүддесі үшін әрекет етіп, 2018 жылы Петропавл қаласында Қазақстан мен Ресей Федерациясының XV өңіраралық ынтымақтастық форумы көрмесін ұйымдастыру бойынша аталған компаниямен келісімшарт жасасуға жанама ықпал етті», – деді ведомствоның ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Тлеукеновтің айтуынша, форумды өткізуге арналған смета екі есеге арттырылып, бұл бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына алып келген.

2024 жылдың шілдесінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство Қожағапановқа қатысты тергеу аяқталғанын мәлімдеді. Бұл іске қатысты мемлекетке келтірілген шығын 1 миллиард теңгеден асқан.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер