Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 17 пакетін мақұлдады. Бұл туралы Еурокомиссия төрағасының орынбасары Кая Каллас айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қара тізімге әскери-өндіріс кешеніне қатысы бар 75 тұлға кірді. Сондай-ақ ресейлік 200-дей кемеге Еуроодақтың порттарына кіруге, олармен ақшалай транзакциялар жүргізуге тыйым салынды.
Financial Times газетінің жазуынша, ресейлік көлеңкелік флотпен қатысы бар деген 149 мұнай танкерлеріне де шектеу салынған.
Қазір одақ өкілдері Ресейге қарсы санкциялардың 18 пакетін әзірлеп жатқандарын мәлімдеді.