Алматы облысында екі мектеп оқушысының арасындағы жанжал қайғылы оқиғамен аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
11-сыныпта оқитын жасөспірім өзімен жасты сыныптасын өлтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Қайғылы оқиға білім беру мекемесінің маңында болған. Қазіргі таңда күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары басталып, қылмыстың мән-жайы жан-жақты зерттелуде.
Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған баланың ата-анасы – оның заңды өкілдері – балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.