Өз қолымен 600 га орман еккен. Әйгілі Себастьян Сальгадо өмірден өтті

1145
Adyrna.kz Telegram
Фото: medium.com
Фото: medium.com

Бразилиялық әлемге әйгілі фотограф Себастьян Сальгадо қайтыс болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Associated Press (AP) агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы хабарды туралы Сальгадо мен оның жұбайы Лелия Ваник негізін қалаған коммерциялық емес экологиялық қор Terra институты хабарлады.

Фотограф 82 жаста болған. Оның нақты өлім себебі айтылмағанымен, агенттіктің мәліметінше, Сальгадо 1990-жылдары безгекпен ауырғаннан кейін денсаулығына байланысты ұзақ уақыт түрлі қиындықтарды бастан өткерген. Жақында ғана Францияның Реймс қаласында өтетін журналистермен кездесуге денсаулығының нашарлауына байланысты қатыса алмағаны да атап өтілді.

Terra институты Сальгадоны «заманауи дәуірдегі ең үздік фотограф қана емес, әлемді және оның қайшылықтарын объектив арқылы аша білген жан» деп атап өтті.

«Біз оның мұрасын жалғастыра береміз – жерді күтіп-баптап, әділеттілік пен сұлулықты сақтаймыз. Себебі ол олардың қалпына келуі мүмкін екеніне шын сенетін», – делінген қордың мәлімдемесінде.

Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва Сальгадоның есімін ерекше атап, оны өзінің саяси мансабында әрдайым қолдаған адам ретінде сипаттады.

«Ол – әлем жасаған ең ұлы, тіпті ең ұлы фотографтардың бірі. Оның әлемдегі теңсіздікке деген қарсылығы мен шындықты бейнелеудегі табандылығы – адамзат ар-ұжданы үшін әрдайым оятушы белгі болды», – деді президент.

Себастьян Сальгадо 1944 жылы 8 ақпанда Бразилияның Минас-Жерайс штатында дүниеге келген. Алғашында экономист болып жұмыс істеген, бірақ 1970-жылдары кәсібін түбегейлі өзгертіп, фотография саласына бет бұрды. Оның фотосуреттері қара-ақ түсті, терең эмоцияға толы және әлеуметтік тақырыптарды қозғауымен ерекшеленді.

Ең танымал жобалары ретінде индустриалды еңбек туралы «Workers» («Жұмысшылар», 1993) және соғыс, кедейшілік пен экологиялық апаттар салдарынан орын алған халық қозғалыстары туралы «Migrations» («Көші-қон», 2000) айтылады.

1998 жылы Себастьян Сальгадо  Бразилияға келгенінде өзінің балалық шағы өткен өңірлердің бұрынғыдай қалың орман мен жан-жануарға бай емес, керісінше, шөлге айналғанын көріп, орманды қайтадан жандандыруға бел буды. Салгаду мен жұбайы Лелия Ваник Terra институтын құрды. Бұл ұйым Бразилиядағы тропикалық ормандардың сирек кездесетін өсімдіктерін сақтау мен қалпына келтіруді мақсат етті.

Жобаның нәтижесінде 600 гектар аумаққа Атлант орманына тән 2,5 миллионнан астам ағаш түрі отырғызылды. Бұл бұрын шөлге айналған аймақта бұрынғы климаттық жағдай мен су балансы қалпына келтірілді. Сондай-ақ, қалыпқа келтірілген аумақта 172 құс түрі, 33 сүтқоректі, 15 бауырымен жорғалаушы, 15 қосмекенді, 293 өсімдік түрі табиғи тіршілігін жандандырған.

Осы жерлерді Сальгадо Бразилия халқына сыйға тартып, мұнда ұлттық парк ашты.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер