Жетісу облысында сақ дәуіріне тиесілі қорғандар тоналды

933
Adyrna.kz Telegram
Фото: Бейнеден скрин
Фото: Бейнеден скрин

Елімізде сақ дәуіріне жататын ежелгі қорғандар тоналды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ”Жетінші арнаға” сілтеп.

Дәл осыдан бірнеше мың жыл бұрын салынған қорғандар Жаркент қаласынан 100 шақырым жерде орналасқан. Ежелгі ескерткіштің тоналғанын алғаш болып Сарыбел ауылының тұрғыны Олег Тихомиров байқаған.

«Мен, әрине, қатты ашуландым. Мен әрдайым мұндай әрекеттерге қарсымын. Мұндай істер жазасыз қалмауы керек. Өйткені бізде әлі де осындай қазыналар бар. Егер осы үрдіс жалғаса берсе, болашақ ұрпағымыз – балалар мен немерелеріміз – мұндай байлықтарды көрмей қалады. Сондықтан келген бетте әкімдік те, өзге де тиісті мекемелерге хабар бердім», – деді ауыл тұрғыны.

Азаматтың шағымы ескерткіштерді қорғау орталығына жолданған. Мамандардың болжамынша, бұл жерде скиф көсемдері жерленуі мүмкін. Алайда ұрылар арнайы техниканың көмегімен үлкен қорымды қазып үлгерген.

«Скифтер дәуірінде алтын мен басқа да құнды бұйымдар өте көп болған. Басқа кезеңдермен салыстырғанда, дәл осы дәуірде жерлеу рәсімінде бағалы заттар жиі қолданылған. Сондықтан “қара археологтар” біз үшін үлкен қауіпке айналды. Қазір осы ескерткіштердің бұзылуына байланысты құзырлы органдарға арыз түсіреміз және жұмыс жүргіземіз», – деді ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.

Жетісу облысында көптеген көне қорғандар орналасқан. Мемлекеттік қорғауға алынғанына және арнайы белгілер қойылғанына қарамастан, олардың көпшілігі бұзылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер