Жұмысшыларға 100 пәтер сыйлаған кәсіпкер Алагөзов сынға ұшырады

997
Adyrna.kz Telegram

Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың қызметкерлеріне пәтер сыйлаған әрекеті сыналды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Galanz Bottlers компаниясының иесі, кәсіпкер кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан 100 отбасына пәтер кілтін табыстады.

Қоғам белсендісі әрі кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Алагөзовтің бастамасын сынға алды. Оның айтуынша, мұндай қайырымдылық азаматтардың намысын аяққа таптап, масылдық психологияны қалыптастырады.

«Тегін беру – біреуді қорлау, мазақтау. Адамдарға жағдай жасау керек, олар өзіне керегін өз еңбегімен тапсын. Балық берме, қармақ бер», – деді Нұрсила.

Нұрсила мысал ретінде АҚШ-тағы «Пруитт-Айгоу» тұрғын үй кешенінің тәжірибесін келтірді. Бастапқыда әлеуметтік мақсатпен салынған бұл жоба кейін масылдық пен қылмыстың ошағына айналып, ақыры сүріліп тынған болатын.

Сыншының айтуынша, Алагөзовтің бұл әрекеті – өз өнімдері арқылы тапқан қаражаттың аз бөлігін «итке сүйек тастағандай» қайтару ғана. Ол «Макси Чай» мен сыра өнімдерінің денсаулыққа зияны жөнінде зерттеу жүргізуге шақырды.

«Ол Қазақстандықтарды Макси Чай және сырамен улап тапқан ақшасының 1%-ын итке сүйек лақтырғандай лақтырды. Халық соған мәз», – деп жазды Нұрсила әлеуметтік желіде.

Тұрсынғали Алагөзов 2024 жылы Шымкент сыра зауытын 8 млрд теңгеге сатып алып, оған 40 млн доллардан астам инвестиция салған.

«Келесі жылдың ортасына қарай біз айына 10 мың тонна сыра өндіруді көздеп отырмыз. Қазіргі уақытта біз сырадан гөрі алкогольсіз сусындарды көбірек шығарамыз, бірақ жаңғыртудан кейін көлемдерді теңестіретін боламыз», – деп түсіндірді Алагөзов.

Оның Курсивке берген сұхбатында кәсіпорын оған 400 млн теңге көлеміндегі салық қарызымен өткенін айтты. Бұл қарыз қазір өтелген.

«Менің басты міндетім – барлығын ретке келтіру болды, өйткені көптеген жабдық ескірген. Әрине, бұрынғы акционерлер де жұмыс жасаған. Оларға рахмет – кәсіпорынды сақтап қалды. Бірақ біз оны заманауи,Heineken мен Carlsberg секілді халықаралық сыра компанияларының стандарттарына сәйкес етіп өзгертіп жатырмыз», – деді кәсіпкер.

Сонымен қатар ол биыл ұн және макарон өнімдерін өндіретін JFood Kazakhstan компаниясын (бұрынғы «Цесна-Астық») 11 млрд теңгеге сатып алды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер