Қытайда жарылыс салдарынан бес адам қаза тапты

2420
Adyrna.kz Telegram
Фото: tvzvezda.ru
Фото: tvzvezda.ru

Қытайдың солтүстігіндегі Хэбэй провинциясының Уи уезінде орналасқан химиялық зауытта жарылыс болып, бес адам көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Xinhua агенттігіне сілтеп.

Жарылыс 31 мамыр күні сағат 18:30 шамасында өндірістік цехтардың бірінде орын алған. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс контейнерді тазалау кезінде болған.

Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы екі жұмысшы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жараланғандардың жағдайы тұрақты екені хабарланды.

Қазіргі таңда оқиға орнындағы құтқару жұмыстары аяқталды. Жарылыс себептері анықталу үстінде. Тергеу амалдары басталып кетті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер