Хан табылар, қарашы табылмас

2872
Adyrna.kz Telegram

Төртқара Бәймен бидің заманында Жансүгір деген бай болыпты. Екеуі Темірастаудағы бір қопаға даулы болыпты. Сол кезде Арыстан деген правитель (аға сұлтан) екен, соған айтыса барыпты. Жансүгір бай правительге параға тоғыз ақ нар беріпті, правитель пара берген байға төрелік бұйырып, жерді соған беруге билік істепті. Бәймен Жансүгірдің параға тоғыз ақ нар бергенін біліп қалып, правительге келіп былай депті:

«Иә, төрем, сіз төрелікті аққа бермейді екенсіз. Қараға да бермейді екенсіз, параға береді екенсіз. Мен ел жисам да Жансүгірдей мал жимаған екенмін, мал жисам да нар жимаған екенмін, нар жинасам да ақ жимаған екенмін. Жарайды, маған қайда барсам да сіздей хан табылар. Сізге бірақ мендей қарашы табыла қоймас, сізге жолдастыққа мал керек болса, оны көрерсіз, ер керек болса оны көрерсіз», – депті де өкпелеп Қазалыға көшіп кетіпті. Күндерден-күндер, жылдардан-жылдар өткенде правитель Бәймен бидің қадірі өтіп, бидің кеңесін сағынып, артынан әдейі атпен адам жіберіп, тартуға ат пен шапан беріп, сәлем айтыпты. Есеншағалдың құмын алып бермек болып зорға шақыртып алыпты. Келгенсін правитель Бәйменге: «Биеке, ғафу ете гөр, қадірің өтті, кісіге мал серік емес, ел серік екен, елде қадірінді білетін ер серік екен. Мен адасқан екенмін, нарға қызыққаным надандығым екен, арды ойламағаным ақылсыздығым екен малдан ел қымбат екен, елде ер қымбат екен, ерден ар қымбат екен», – депті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер