Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын одан әрі автоматтандыру оңтайланып келеді

2833
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінің индикаторларын жақсарту мақсатында кешенді шаралар жоспарына сәйкес үшінші тұлғаларға кепіл мәні туралы деректерді іздеу бойынша опция тетігімен «электрондық үкімет» сервисін техникалық пысықтау көрсетілген.
Осы тұрғыда, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне көпшілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі Қазақстанның ұстанымын одан әрі автоматтандыру және жақсарту мақсатында темір жол көлігі саласындағы жылжымалы құрам кепілінің бірыңғай тізілімінің мәліметтеріне көпшілікке қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізді.
Бұл функция үшінші тұлғаларға жылжымалы құрамның кепілі туралы қажетті ақпаратты «электрондық үкімет» порталы арқылы алуға мүмкіндік береді.
Сондай – ақ, қызметті www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталынан электрондық цифрлық қолтаңбасыз алуға болады (ЭЦҚ).

ҚР ИИДМ Көлік комитетінің баспасөз қызметі

Пікірлер