Күршім ауданында «Электронды азамат» атты көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

2506
Adyrna.kz Telegram

«Күршім - Адалдық алаңы» жобасының қараша айындағы жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 27 қарашасы күні Күршім ауданының Қ.Тұрар атындағы мәдениет үйінде «Электронды азамат» атты көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті.

«Күршім - Адалдық алаңы» жобасының мақсаты: азаматтарға қолайлы жағдай жасау болғандықтан,  жәрмеңкеде мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы халықтың хабардар болу деңгейін арттыру және электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңінен тарату негізінде электронды қызметтердің қолайлы әрі жылдамдығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жәрмеңке аудан әкімінің аппаратымен жергілікті атқарушы органдарымен  бірлесіп өткізілді.

Сондай-ақ, дербес бөлімдердің мамандары, денсаулық сақтау, мемлекеттік кірістер саласының мамандары тарапынан азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге консультациялық кеңестер де берілді.

Тұрғындарға аса қажетті қызметтер: электронды цифрлы қолтаңба алу, тұрғын үй кезегіне тұру, азаматтық хал актілері саласындағы қызметтер (некеге отыру, әкелікті анықтау, тегін өзгерту, бала тууды тіркеу т.б.), салықты онлаин төлеу, дәрігерді үйге шақырту, наркалогиялық, психоневрологиялық анықтамаларды қалай алу керектігі түсіндірілді.

Жәрмеңкеге 150 адам қатысып, оның ішінде 64 адам мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алды.

Сонымен қатар, халыққа жадынамалар, брошюралар  таратылды.

Пікірлер