Талас ауданында тындырымды іс көп (Фоторепартаж)

5240
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысына қарасты Талас ауданы ауыл шаруашылығымен қатар, өндіріс саласында да ерекше дамып жатыр. Мәселен «Жамбылнедр» цемент зауыты мен «Қаратау Про» компаниясы сынды өндіріс орындары ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуметін арттыруда. Бір сөзбен айтқанда ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы күннен күнге жақсарып, табысты еңбек етіп отыр.

       

Бір кезде үйлері қараусыз қалған Қаратау қаласындағы көпқабатты ескі үйлер жөндеуден өтіп, тұрғындарға пайдалануға берілуде.

     

Аудан орталығы Қаратау қаласында 250 адамға арналған емхана пайдалануға берілді.

   

2016 жылы іске қосылған «ЖамбылНедр» цемент зауыты жылына 300- мың тоннаға дейін цемент шығаруда. Сонымен қатар зауытта 250-ге жуық азамат еңбек етуде.

       

Қызыләуіт ауылында қуаттылығы 4,5 мВт құрайтын жел электр энергиясын өндіру мақсатында «Wind Power city» және «Wind Electricity» ЖШС құрлыс жұмыстарын жүргізіп жатыр.

        

Жалпы құны 1 млрд. 946 млн. теңгені құрайтын «Қаратау Про» ЖШС  мәрмәр тастарын өндіріп жатыр. құрылысқа қажетті жеті түрлі өнім шығарады. Серіктестікте Қаратау қаласының 70 тұрғыны жұмыс жасауда.

«АДЫРНА»

ұлттық порталы

Пікірлер