Қарағандыда Мәуліт мерекесі неге ақылы?

2683
Adyrna.kz Telegram

Осы аптада барша мұсылман  қауыммен бірге Майқұдықтағы Бала қажы атындағы мешітте жұма намазға қатыстық. Дәстүрлі уағыздан кейін, Алматыдағы қайғылы ұшақ апатынан оқыста құрбан болған жандарға дұға бағышталды.

Айтайын дегеніміз, намаз арасында мешіт имамы көпшілік жиналғандарға - « 5 қаңтар, сағат 19:00 де Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында Мұхамед Ғ.С. туған күні Мәуліт мейрамы атап өтіледі. Пайғамбарымызды ұлықтайтын айтулы шараға қатысу үшін мешіттен 1000 теңгеге билет сатып алыңыздар»-деп хабарландыру жасады.

 Неге Қарағандыда басқа - өңірлерден өзгеше, жылына бір тойланатын Мәуліт мейрамына мұсылман қауым ақша төлеп кіруі керек? Алла разылығы үшін шараны неге тегін ұйымдастырмасқа?  Бұл дегеніміз қараша халықты тонау ғой. Сол ақшаны төлеуге көпшіліктің шамасы келе бермейді. Әсіресе, күнкөрісі төмен, аз қамтылған отбасы мүшелері. Облыстың өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза бұл тірлікке не деп жауап бересіз? Мәуліт мейрамын көру үшін ақша төлегеннен басқа, мешіттерімізге Аллаға шүкір зекет, садақасын, қаржылай көмегін аямай беріп жататын жомарт жандар жетерлік. Сол аз болды ма? Жамағатты қанауды қойсаныздар? Мәуліт мейрамы, халық мейрамы сипатында өтуі қажет, Ал оған қатысу әрбір мұсылманға қолжетімді, тегін болуы тиіс.

 

Дархан УӘЛИЕВ,

ҚР Журналистер Одағының мүшесі,

Қарағанды қаласы.

Пікірлер