Ерлан Сайыров: Парламент ұйықтайтын орын емес

4146
Adyrna.kz Telegram

Парламент ұйықтайтын орын емес. өкінішке орай, бүгінде бұл институттың тақиясы тар, ойы таяз, сөзі кермек тартады. Өйткені, осынау динамикасы жоғары, елдің отырып-тұруын бақылайтын органда Колбинге дауыс берген адамдар әлі де отыр.

Колбиннің келіп кеткеніне 35-жыл болған екен. Елімізде қаншама ұрпақ ауысты, тәуелсіздіктен кейінгі бірнеше ұрпақтың өзі ер жетіп, азамат болды. Анау кісілер Парламентте әлі отыр. Ұрпақтар сабақтастығы мүлгіп-қалғып кеткен тәрізді.

Әрине, осындан кейін, қоғам, халық арасында түсінбеушілік, жабырқау, ашу туады. Парламент өз алдына, қоғамға түсініксіз заңдылықтармен өмір сүруде. Негізгі проблема да осы. Саяси модернизацияның белгісі, саясатқа жаңа буындар келіп-кетіп отыруы керек. Бізде бір буын келген, сол буын Парламентте тоқтап қалған... Кірген із бар, шыққан, шығатын із жоқ. Клептократия дегеніміз осы.

Пікірлер