Ресей депутаттары Қытайдан сәлемдеме алуды тоқтатуды  сұрады

2840
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік думаның депутаты Виталий Милонов Индустрия және сауда министрлігінің басшысы Денис Мантуровқа және «Ресей почтасы» басшылығына Қытай интернет-дүкендерінен елге сәлемдемелерді елге жеткізуді уақытша тоқтата тұруды ұсынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Милонов қазіргі уақытта  тәжвирусының нақты қалай пайда болатындығының белгісіз екенін, инфекцияны емдеудің тиісті әдісі әлі табылмағанын айта келе Ресейге Қытайдан келетін сәлемдемелерді шектеу керектігін нақтылаған.

Оның айтуынша, Ресей Федерациясы мен ҚХР арасында шекаралық бақылау мен санитарлық шаралар шектеулі болғанымен, сәлемдемелердің көмегімен «бақылаусыз бактериологиялық алмасу» жүреді.

«Миллиондаған ресейліктер вирустық қауіпке қарамастан, ғаламтор арқылы танымал сақтық шараларынсыз  Қытай өнімдерін сатып алуға тапсырыс беріп отырады. Бізге тез арада осыған орай шешім қабылдаған жөн», - деді депутат Милонов.

Пікірлер