Түркиядағы ұшақ апаты: зардап шеккен қазақстандықтар бар

2710
Adyrna.kz Telegram

Түркиядағы ұшақ апатында жарақаттанғандардың арасында екі қазақстандық зардап бар,-деп хабарлайды  Tengrinews.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанның Стамбулдағы Бас консулдығының ақпараты бойынша, 2020 жылғы 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де Стамбул әуежайына ұшақты қатты қондыру кезінде Қазақстанның екі азаматы зардап шекті. Олар Фатих Сұлтан Мехмет клиникасына жатқызылды.

"Басконсуль жағдайды бақылауға алып, отандастарымызға көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдайды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Измир - Стамбул рейсіне бағыт алған  ұшақ  құлады. Соңғы мәліметтер бойынша, үш адам қаза тауып, 179 адам жарақат алды.

 

Пікірлер