Министр: Қытайдан келген 180 адам тексеріліп, көбінен тұмау анықталды

3573
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан Ұлттық экспертиза орталығының вирусология зертханасына барып, вирусты инфекцияларды зерттеуді өз көзімен көріп қайтты. Бұл туралы министр Біртанов өзінің facebook парақшасында жазды.

«Арнайы барып, жаңа пайда болған коронавирус инфекциясы қалай анықталатынын біліп қайттым. Вирусты инфекцияларды диагностикалау тәсілі арқылы өте қауіпті штамдар, соның ішінде жаңадан шыққан коронавирус 2019-nCoV инфекциясы анықталады. Бүгінге дейін коронавирустың жаңа түрін жұқтырды деген күдікпен 180 адам тексерілді. Зерттеу көрсетіп отырғандай, науқастардың көбінен тұмау және тұмауға жататын аурулар анықталды», - деп жазған министр әлеуметтіке желісіндегі парақшасына.

Нұр-Сұлтан қаласындағы зертханада жаңа коронавирус инфекциясын анықтаудың тәсілі бір ізге салынан. Орталық тиісті диагнотикалық тест-жүйесімен де қамтылғанына да баса назар аударды.

Елжан Біртанов осы аптаның басында қауіпті коронавирус тарағалы бері Қытайдан Қазақстанға келген адамдардың саны 30 мыңға жуықтайтынын айтқан. Оның 29 мыңы қазақстандықтар. Соңғы екі аптада Қазақстанға келген 10 мың адам министрліктің бақылауында.

Қазақстан Қытайдың Ухан қаласында оқитын 79 қазақ студентін де елге эвакуациялап, олар қазір қала сыртындағы аурухананың инфекциялық блогында карантинде жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер