24 нокауты бар Садриддин Ахмедов мексикалықпен жекпе-жекке шығады

3533
Adyrna.kz Telegram

Бірінші орта салмақта WBC "жастар" чемпионы және WBC Asia титулына ие қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) келесі қарысыласы белгілі болды. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.

22 жастағы қазақстандық 12 наурыз Монреальдағы бокс кешіне қатысады. Оның қарсыласы 32 жастағы мексикалық Марио Альберто Лозано (33-10, 24 КО).

Лозано кәсіпқой карьерасында қазақстадық Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Ванес Мартиросян, Лиам Смит (Ұлыбритания) мен Патрик Тейшейра (Бразилия) сияқты әлем чемпионадры және орта салмақта WBC титулына ие Джермелл Чарломен жұдырықтасқан.

Айта кетейік, Ахмедов кейінгі рет 2019 жылы Канадада жұдырықтасып, аргентиналық Хосе Антонио Вильялобосты (12-6-2, 7 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Пікірлер