Калеб Плант «Канело» командасының жұртты алдап жүргенін ашық айтты

3748
Adyrna.kz Telegram

Екінші орта салмақ чемпиондары Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) пен Каллум Смит та (27-0, 19 КО), артынша IBF титулына ие америкалық Калеб Плант (20-0, 12 КО) та мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен 2 мамырда жекпе-жек өткізуден бас тартты.

«2 мамырда жұдырықтасу? ОК, бірақ, екінші мамырға дейін қанша қалды? Мен жаңа ғана Винсент Файгенбютцті жеңдім, оған дейін 3,5 ай жаттығу лагері болды. Сонда не болғаны? Бір лагерь аяқталысымен екіншісін бастау керекпін бе? Меніңше, бұл мені болдыртып, ес жидырмау.

Сіздер БАҚ өкілдері оны құйтырқы амалдарын жақсы біліп тұрсыздар. Маған жекпе-жек өткізе сала ұсыныс жасап отыр. Онда осы туралы неге жазбайсыздар? Мүмкін бұл адамдар енді жанкүйерлерді алдамайтындай етіп бетін ашарсыздар? Әйтпесе қазір маған жұдырықтасуды ұсынды да, ал мен қорыққаннан жалтарғандай қылып көрсетеді. Тыңдаңыз, мен әлем чемпионымын, әлемдік деңгейдегі боксшымын. Менің уақытым келді, Калеб Планта дәуірі», – дейді амеркиалық боксшы.

Пікірлер