Ұлттық құндылықтарымыз - жарқын болашақтың кепілі

3962
Adyrna.kz Telegram

Әр ұлттың өзінің ұлттық ерекшеліктері бар. Бір ұлтты екінші ұлттан даралап тұратын да сол біз тілге тиек етейін деп отырған басты ерекшелік - ұлттық құндылықтар.

Тіл, фольклор, әдет-ғұрып, салт-сана, сол ұлтқа ғана тән менталитет, ұлттық өнер, ұлттық тағам, ұлттық бұйым деп санамалап, тізбектесек біраз дүниені ұлттық құндылықтар қатарына қосып шығуға болады. Осы қасиеттерінен айырылған халықтың қайтадан ұлт ретінде түлеп шығып, жаңаша тіршілігін бастап, ерекше қарқынмен өсіп кетуі мүмкін емес нәрсе. Тарихтан осындай жайттарды басынан өткізген ұлттардың трагедиялары туралы неше түрлі ақпараттарды естіген сайын біз сыныптастарымызбен өз еліміздегі жағдайы сын көтермей тұрған осы мәселеге қатты алаңдаймыз. Сосын мұғалімдерімізбен ақылдаса келе осы тақырыпқа ашық сабақ өткізуді ұйғардық. Мәселенің басын бірден ашып алу үшін де біз арнайы сұрақ жазылған билеттер дайындап, мектеп ішінде сауалнама жүргізіп шықтық. Соның барлығын статистика көрсеткішімен алып көрсеттік. Мақсатымыз - мектеп жасындағы балалардың яғни, өз қатарластарымыздың ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын білу, сөйтіп, бейнеролигімізді жариялау арқылы қоғамға үн қосып, сең болып сірескен ортаға қозғау салу.  Осыдан кейін ұлттық өнерге, ұлттық тәрбиеге миллиондап қаржы бөлініп кетпесе де, осы кішкентай ғана мақаламыз бен бейне ролигімізге көз жүгіртіп отырған аға, апаларымыз бір сәт ойға қалып, өз бойынан қазақылықтың нышандарын іздей бастаса біз діттегенімізге жеттік деп санаймыз.

Бейне ролик: {youtube}

{/youtube}

 

Дана халқымыз: "Жұмыла көтерген жүк жеңіл"- дейді. Ұлттық құндылықтарымызды күшейту жұмысына барлығымыз бірігіп үн қоссақ, жауһарларымыз қайта жаңғырып, жаңарса, мәдениетіміз де жоғары деңгейге көтерілер еді... Атсалысайық ағайын!


 Серікбай ЖАНСЕРІК,

Абай атындағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете

оқытатын дарынды балаларға арналған

мектеп-интернатының 9"б" сынып оқушысы.

 

 

Пікірлер