Зұлмат: Шығыс Түркістанның күйреуі

7748
Adyrna.kz Telegram

Тұрарбек Құсайыновтың осы күнге дейін екі кітабы жарық көрді. "Мен қалай рухани жаңғырдым" мен "Шырмауық". Екеуі де қоғамда үлкен дүмпу туғызды. Әсіресе, саяси ортада. Тұрарбектің жарық көріп отырған үшінші кітабы Қытай коммунистік билігінің Шыңжаңдағы саяси репрессиясы туралы. Автор концлагерьлерде қамауда болып, азап көрген тұтқындардың қасіретті тағдырын шынайы оқиғамен баяндаған.

2 наурыз 2020 жылы сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін «Турист» қонақ үйінің конференц-залында «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының» (бұдан әрі - ҚПДҚ)  қолдауымен Тұрарбек Құсайыновтың жазған «Зұлмат: Шығыс Түркістанның күйреуі»
атты кітабының тұсаукесері өтеді.

Кітап Қытай коммунистік билігінің Шыңжаңдағы түркі тілдес мұсылман халықты ұлттық ерекшелігі мен тілінен айырып, жойып жіберу үшін жасап жатқан жаппай репрессиясы жөнінде жазылған. Шыңжаңдағы саяси репрессияның сипаты мен зардабы нақты фактілерге негізделіп, концлагерьлерде қамауда болып, азап көрген тұтқындардың қасіретті тағдыры арқылы баяндалған.

Кітап авторы - «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының» сарапшысы, «Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халықаралық журналистер федерациясының (IFJ) мүшесі Тұрарбек Құсайынов. Ол бұған дейін «Мен қалай рухани жаңғырдым», «Шырмауық» атты екі кітап жазған. Автор бұл кітапта адам құқы мен либерализм құндылықтарын қорғап қалуды «адамзат дамуының басты принципі» деп қарастырады.

Өтетін күні: 2 наурыз,2020 жыл.

Өтетін орны: Қазақстан, Нұр -Сұлтан қаласы, Республика даңғылы 33, "Турист" қонақүйі

 Байланыс қызметі: Арсен Құдабаев, жоба директоры , e-mail:

project.office.frpk@gmail.com , моб. + 7 707 945 78 09  р.т. +7 (7172) 78 01 02.

Ақпарат орталығы ҚПДҚ

Пікірлер