ҚР Ұлттық олимпиада комитеті коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы комитеттің сайтында жарияланды деп хабарлайды "Адырна".
Ұлттық Олимпиадалық комитетінің отандық спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң шаралар қолданатыны және коронавирусқа байланысты елдің олимпиадалық басқармасында келеңсіз жағдайдан сақтану мақсатында арнайы штаб құрылғанын мәлімдейді. Ұлттық құрамалардың жарыс және жаттығу кестесі қарастырылады екен. Комитет қолдан келген шаралардың қолданамыз дейді.
"Ұлттық Олимпиадалық комитет үшін спортшылардың денсаулығы өте маңызды. Сақтық шараларымен қатар, қауіпсіздік шараларын да күшейту қажет. Бізде ұлттық федерациялармен бірге коронавирустың таралмауы және қазақстандық спортшыларды індеттен қорғау бойынша алдын алу шараларына қатысты біртұтас және берік ұстаным болуы керек. Алдын алу шараларының барлығын қолдану керек", - деді Тимур Құлыбаев.